Балабақшаішілік "Үздік педагог " байқауы » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақшаішілік "Үздік педагог " байқауы
24
қаңтар
2025

Балабақшаішілік "Үздік педагог " байқауы

Балабақшамызда кезекті тәрбиешілер арасында «Үздік педагог» байқауы болып өтті.
    Халық даналығында: Ұстазы талапты болса, шәкірті талантты болады»,- деген ғұлама сөз бар. Аталмыш байқауда тәррбиешілеріміз өздерінің білікті, талантты, ізденгіш тұлға екенін байқау шарттары бойынша көрсете білді. 
  Балабақша әкімшілігінің кеңесуімен енгізілген байқау бағдарламасында:
  1. Таныстыру (креативтілік);
  2. Сауаттылық сұрақтары;
  3. Шығармашылық қабілеті.
   Әрбір байқауға қатысушы тәрбиешінің бойынан байқалғаны: үлкен жауапкершілікті ұғынуы болды. Байқаудың бағдарламасына сай дайындалған тәрбиешілер қауымы эстетикалық талғамға да көп назар аударған. Таныстыру барысындағы қатыушылардың креативтілік ойламы басым әрі өзіне сенімділігі мол.
    Сауаттылық сұрақ бөлімінде де ізденіп дайындалғаны айқын көрінді. Сұрақтарға нақты жауап бергендерге жақсы ұпай берілсе, кейбір  жауаптарды шатастырып айтқандардың ұпайы төмендеу болды. Алайда, тәрбиешілердің сөз саптауы өте жақсы көрсеткішке ие болды.
    Байқауымыздың ең қызық, әсерлі сәті қатысушылардың шығармашылық қабілетін көсетуі болатын. Өйткені тәрбиеші өз шығармашылығы арқылы бала қиялының дамуына, ой-өрісінің тұрақты жетілуіне оң ықпалын тигізеді. Бірі-бірінен асып түсетін шығармашылық бөлімін де қатысушыларымыз өте сәтті аяқтады. 
     «Жүйріктен жүйрік озар» демекші, байқауды сараптап отырған балабақша әкімшілігіне де жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Қатысушылардың ішінен оқ бойы озып шыққан 3 қатысушы жеңімпаз атанды. Төмендегі марапаттау бойынша 
1-орын:  Сейтхан Гүлімхан Жарасқызы
2-орын: Баяхмет Аида Ерланқызы 
3-орын: Исмагулова Айдана Серікқызы  иеленіп, дипломдармен марапатталды..
    Байқау соңында балалабақша әкімшілігі қатысушылардың барлығына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.