Жалпықалалық сейсмологиялық жаттығу » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпықалалық сейсмологиялық жаттығу
30
сәуір
2025

Жалпықалалық сейсмологиялық жаттығу

Мақсаты: Жер сілкінісі кезінде қауіпсіз эвакуациялау тәртібін пысықтау, балалар мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру

    Балабақшамызда балаларға тәрбиешілер тарапынан жер сілкінісі кезінде есте сақталатын жағдаяттарға тоқталып,балалардың психологиялық тұрғыдан да дайын болуына арнайы іс-шаралар өткізілді.
Жер сілкінісі басталған кезде балалардың үрейленбеуі үшін тәрбиешілердің де жинақы және жылы сөйлеуі керектігі тапсырылды.
Егер жер  сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпай, жүгірмей,үстелдің астарына тығылу керектігі айтылды.
Алайда күшті жер сілкінісі болған кезде балалар  топта немесе  үйдің ішінде болса, сондай-ақ,  екінші және одан да жоғары қабатта болса, ол жерден ешқайда кетпеуі тапсырылды. Тек қана балалар емес,балабақша қызметшілерінің де ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына,  практика барысында көрсетілді. Тәрбиешілерге балаларды ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстау керектігі де қатаң ескертілді. Арнайы сигнал берілгенде қызметші, тәрбиеші,балалар сыртқа шығып, алаң жерге орналастырылуы қадағаланды.
   Сақтық ретінде балалардың  көшеде болып қалуы кезінде ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұруы да айтылды.     Жалпықалалық сейсмологиялық жаттығуларға балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері  өз дайындығын білдірді.
Жер сілкінісіне дайындық жұмыстарының барысы жақсы деңгейде өтті.