12
қаңтар
2023
Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні!
Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбер ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың (1912-1993) туған күні.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Бұдан бөлек қаншама игі істері мен жетістіктерін ауыз толтырып айта аламыз.
Біздің балабақшамыз үшін де Дінмұхамед Қонаевтың орны ерекше. 1990 жылдары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев №204 (105) бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Есімбетова Перде Елеусізқызымен кездесу өткізіп, өз қолынан сыйлықтар тапсырды. Оның ішінде: ақшалай 3000 сом, кілем, пианино, вазалар тапсырып аманат етті. Берілген ақшаға балаларға арнап ұлттық киім-кешек, көрпе-жастық алынған. Бұдан кейін бақшамыздың бүлдіршіндері Димаш атаның туған күнін асыға күтетін.
«Қазақстанның келешегі зор! Сіздер тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер ел ертеңі, ел болашағы! Шаңырақтың әрбір уығы – сол сәбилер. Соны қисайтпай дұрыс тәрбие беріңіздер. Осыны тәрбиешілеріңізге аманат етіңіз!» - деп Дінмұхаммед Қонаевтың өзі Перде Елеусізқызына өшпес сөздерін айтып кеткен. Сол бір ауыз алтын сөзді балабақшамыздың қазіргі меңгерушісі Есімбетова Гүлнар Алиханқызы бүгінгі таңда жұмыс жасап жатқан барлық педагогтерке мұра етіп жеткізіп, қанаттандырады.