08
сәуір
2024
Су- тілсіз жау !
«Бір қазақтың қайғысы,
Бар қазақтың қайғысы» , - демекші, еліміздің бір жағын су басып, көңілі аласапыран болған халықты жұбататын да халық екені белгілі.
Бүгінгі күні үйсіз-күйсіз қалған, жаны жаралы еліміздің Ақтөбе, Құлсары т.б өңірлеріндегі бауырларымызға жан -жақтан қол ұшын беріп, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жатқан ел өз жанашырлықтарын білдіріп елдің қайғысына ортақтасуда.
Еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, сонымен қатар өнер адамдары да халыққа үндеу тастап, қолдарынан келгенше өз көмектерін аямауда. Бір сөзбен айтқанда, барлық күш жұмылдырылып, қауіп төнген жерлердегі адамдарды тікұшақпен эвакуациялап та үлгерді. Кез келген уақытта, халқымыздың басына қиындық түскенде, бей-жай қарап отырмай , өз мүмкіндіктерін жақсылыққа пайдалана білген Отандастарымызға дән риза болдық.
Адамгершілігі мен жауапкершілігі қатар келетін еліміздің аға буынынан бастап , өскелең ұрпаққа дейін жеткен патриоттық тәрбиесі ұшан-теңіз болғай.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өз уақытында көмегін беріп, жағдайды жақсартатын жедел бақылау жұмыстары да қолға алынды. Әрине, бұл еліміздің тыныштығын сақтап қалуда өзекті мәселеге айналуы сөзсіз. Бірақ, Алланың қалауымен барлық қиындықтың өз шешімі болады деген ойдамыз.