"Бәрін жақсы көремін"
Тақырыптық оқу қызметі:
Тәрбиеші: Нуркасымова Жазира
Тақырыбы: «Бәрі жақсы көремін»
( Өзін өзі тану негізін салушы С.А Назарбаева ның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне, туған күніне орай )
Мақсаты: Қазақстандағы «Бөбек»республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті С.А Назарбаеваның өмірі туралы тусінік беру.
Анаға деген махаббат,сүйіспеншілік, мейірімділігін дарыту.
- Ана деген ұғым- үлкен мағына береді. Ұлы есім, табиғатты жаратушы,әлемді жаратушы, - ол анамыз .Өз мейірімін, махаббатын, жан жылуын балаларға сыйлайды. Осындай аналардың бірі С.А:Назарбаева
Сара Назарбаева мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлығына алды.
Сара Алпысқызы Назарбаева –Қазақстандағы «Бөбек » балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек жасап көмектескен аяулы ана.
Сара Алпысқызына арнау
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірін дәнін сепкен анамыз,
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын туған күн, алтын жүрек анамыз!