26
қараша
2020
"Денсаулық білім беру" саласы бойынша ашық оқу қызметтері




Ортаңғы «Балдырған» тобы.Тәрбиешісі Иманғалиева Ақмаржан
Мақсаты: Балаларға түрлі жаттығулармен ойындарды ойнату арқылы, белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылығын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласы дене шынықтыру бөлімі бойынша «Көңілді доптар» тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетті.Оқу қызметі барысында балаларға түрлі жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, кедергілер арасынан допты қолға ұстап жүгіру,допты жоғарыдан келесі балаға беру арқылы сайыс өткізді, кимылды ойын және ұлттық ойын балалармен ойнатты. «Асық жинау» деп аталатын қазақтың ұлттық ойыны арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке үйретті.

















