«Қарттарым аман сау жүрші» мерекелік іс шара
11.10.2017 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданы №105 бөбекжай-балабақшасында Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарттарым аман сау жүрші» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс шараға Медеу ауданы, "Нур Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Муканова Меруерт Серікқызы қатысты.Сонымен бірге балабақша бүлдіршіндерінің ата-әжелері мен Медеу ауданындағы көмекке мұқтаж қарттар шақырылды.
Атап айтсақ, зейнеткер, Нұршакен Жунисова өзінің еңбек жолын мұғалім мамандығынан бастаған. Кейінде инженер мамандығын қосымша оқып, «Құрлыс материалдар» министрлігінде 25 жыл бас инженер қызметін атқарған. «Темір жол»музейінде 20 жыл бас маман қызметін атқарды.1998 жылдан бастап тұнғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаев қорының президенті болды. Ұйымдастырылған іс шарада балабақша бүлдіршіндері өнерлерін ортаға салды. Тақпақтар айтып, би билеп, әндерін шырқады. Осы мерекеде тәрбиешілерде қалыс қалған жоқ. Олар өздерінің өнерлерін қобыз, домбырада ойнап,ән шумақтарымен жеткізді.
«Нұр Отан» партиясы қамқорлық көрсету мақсатында көмекке мұқтаж қарт кісілерге азық түлік салынған кәрзенкелер тапсырылды. Балабақша меңерушісі Есимбетова Гульнар Алихановна өз сөзінде ардагерлерге әрдайым қамқорлық керек екенін айтты. «Бүгінде қарттар күнін атап өту, құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Қарты бар үйдің - қазынасы бар дейді, - халқымыз. Отбасының тірегі, немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине Сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастықтарыңызды еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Ардақты аталар, аяулы әжелер Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер. Біз әрдайым үлкендерге құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. Тек осы күні ғана емес, сіздерге деген ыстық ілтипат ғасырдан ғасырға жалғаса береді. Өйткені, сіздер өміріміздің жарқын болуына ерекше үлес қостыңыздар. Әрбір күніміз арайлап атып, өздеріңізге қуаныш сыйласын, қадірлі қарттарымыз!».