Праздник Наурыз » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
наурыз
2016

Праздник Наурыз

МКҚК «№105 бөбекжай-балабақшасы»

«Армысың әз Наурыз!!!» мерекелік іс – шара.

Көктем келіп көк пен жер жаңарып, әсем табиғаттың бусанып, жер жаһанның жайқалып, күн мен жердің теңесер шағы Наурыз мерекесі. Наурыз - бірлік пен берекенің, шаттықтың, қуаныштың белгісі. Осындай мереке Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №105 бөбекжай-балабақшасында аталып өтті. Мереке бір күнмен шектелмей, үш күнге дейін жалғасты. Наурыз айының 16 нан 18 не дейін жалғасқан мереке нағыз сән салтанатпен өтті. Мейрам өтетін зал салт дәстүрге байланысты жабдықталып балалар ұлттық киіммен мерекеге қатысты. Киіз үй іргесінен сахна жасалынды. Ақ дастархан жайылып қойылды. Балалар мерекеге ерекше дайындалып, бал тілдерімен ән шырқады, би биледі. Ұлттық ойындарды ойнап, салт дәстүрімізді дәріптеді. Концерттік бағдарламаға ата-аналарда ат салысып, салтанатты кештің көркін кіргізді. Жалпы қазақ дәстүрінің қайсысын алсақта, аса құнды мағанаға ие екенін аңғарамыз. Мәселен, қазақта молшылықтың, ырыс – берекенің, қуаныштың белгісі ретінде шашу шашылып тойдың көркін қыздыра түседі. Осы салтты берік ұстанған балабақша ұстаздары әже кейпін сомдап, шашу шашып тойдың көркін ашты. Мерекеде Тазша бала келіп ұлттық ойын ойнатса, Қыдыр ата бата беріп жатты. Балалар «арқан тартыс, қыз қуу, сақина салмақ, көкпар» ойындарын қызығушылықпен ойнады. Осылайша қазақтың салт дәстүрінен бастау алып барлық болмыс бітімін айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды қазақтың қайысты, батырлар биімен жалғастырды. Бидің сәні қара жорға биін буын- буындарына дейін иірімге келтіріп билеп те берді. «Әз Наурыз», «Наурыз көктем» ән шашуларын тарту етті. Балабақшада наурыз көже мен бауырсақ пісіріп, балаларға таратылды. Мереке түскі ас мәзірімен аяқталды.

Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз
Праздник Наурыз