19
маусым
2017
Қалалық семинар.
Қалалық семинар. Тақырыбы: "Заманауи мектепке дейінгі білім беру: жаңа үрдістер, түйінді мәселелер даму келешегі". Қатысушылар саны: 42. Қатысушылар әдіскер мен тәрбиешілер. Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы МДББ 100 жылдығына арналып осы семинар барысында бала-бақша әдіскерлерімен және меңгерушілері және 25 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан тәрбиешілер өз ойларын ортаға салып, бүгінгі заманауи технологиялардың бала өміріне әсер ететін көп тұстары тілге тиек етілді. Әсіресе, М.Монтессори педагогикасының қазақ халқының этнопедагогикасымен байланыстырылып, өткізілетін оқу қызметтерінің тиімділігі тереңнен сөз болды.
Семинарға жауаптылар: "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан З.Д.Еденбаева., №105 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Г.А.Есимбетова.