Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет
21
қараша
2024

Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: "Өрт қауіпсіздігін сақтау" 
Мақсаты:Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.                                                                          
Өрт қауіпсіздігі бойынша тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет өте жоғары дәрежеде өткізілді. Жоспарға сай ұйымдастырылған іс-әрекетте қолданылған әдістердің бірі –
«Саяхаттау» әдісі болатын.
Балалар саяхаттау арқылы өрт сөндірушілермен кездесіп, олардың жұмыс ережелерімен танысады. 
Өрт қауіпсіздігінен сақтану ережелері бойынша өздері де жұмыс жасап, тәжірибе арқылы көрсетеді.Атап айтқанда, балалардың өртеніп жатқан ағаштарға бетпердесін киіп су себуі балалардың эмоциясын, шынайылығын көрсетті.  Тәрбиеші ізденіс барысында өрт сөндірушілердің киім, жеке құралдарының орынды пайдалануына үлкен мән берген. 
«Саяхаттау» әдісімен қатар  балалардың ойлау,есте сақтау,шығармашылық дағдыларын да жақсы деңгейде қалыптастыратын ойын түрлерін  ұтымды қолданды. Балалардың шапшаң қимылдап, дене шынықтыру жұмыстарына дағдылануға тәрбиеші тарапынан ұйымдастырылған іс-әректтер көп үлесін қосты. 
Тәрбиешінің ізденімпаздығы балаладың ақыл-ойының дамуына да мол мүмкіндік берді.
Ересек"Аққу" тобы. 
Тәрбиеші Иманғалиева А.Қ