Балалар жұмысы » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұйымдастырылған іс-әрекет:  Сурет
05
тамыз
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сурет
Тақырыбы: "Ас атасы – нан"  Мақсаты: Балаларға нанның қалай жасалатыны, оның дастарханға келу жолы (дән егу, ору, ұн тарту, нан пісіру) туралы түсінік беру. Нанның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.  Балалардың шығармашылықтарын арттыру. Ересек "Аққу" тобы . Тәрбиеші Имангалиева А.Қ
Ұйымдастырылған іс-әрекет
05
тамыз
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Тақырыбы: "Түстерді ажырату". Мақсаты:  Балалардың негізгі  қызыл, көк, сары  түстерді танып, оларды бір-бірінен ажырата білу қабілеттерін дамыту.  Кіші  "Ботақан" тобы . Тәрбиеші  Баяхмет А. Е
Ұйымдастырылған іс-шара  "Қарбыз күні"
04
тамыз
2025
Ұйымдастырылған іс-шара "Қарбыз күні"
Мақсаты: Балалардың жаз мезгіліндегі жемістер туралы білімдерін кеңейту, әсіресе қарбыз туралы ақпаратты тереңдету, дәмін тану арқылы сезім мүшелерін дамыту, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және мерекелік көңіл күй сыйлау. Ересек "Балдырған" , "Аққу" тобы . Тәрбиеші Көпбергенова Н.С,Имангалиева А.Қ.
Ұйымдастырылған іс-шара  " Қарбыз күні "
31
шілде
2025
Ұйымдастырылған іс-шара " Қарбыз күні "
Мақсаты: Балаларды қарбыз арқылы табиғатпен таныстыру, дәм сезу, түсті ажырату, ұжымда ойнау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ортаңғы "Құлыншақ" тобы . Тәрбиеші Болд Н
Сюжетті рөлдік ойын
30
шілде
2025
Сюжетті рөлдік ойын
Тақырыбы: « Менің достарым»   Мақсаты:  Балалардың достық туралы түсінігін кеңейту. Достарымен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйрету . Бір-біріне көмектесуге, қамқор болуға баулу. Мектепалды «Тұлпар» тобы  Сейтхан Г.Ж
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сөйлемді дамыту.
30
шілде
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сөйлемді дамыту.
Тақырыбы: "Досыма жылы лебіз"  Мақсаты: Балаларға жылы сөз айту , жақсы тілек білдіру ұғымдарын түсіндіру. Достарға деген жақсы қарым-қатынас пен ізеттілікті қалыптастыру. Ересек «Аққу» тобы. Тәрбиеші Имангалиева А.Қ
Ұйымдастырылған іс-әрекет:  жапсыру,мүсіндеу
29
шілде
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: жапсыру,мүсіндеу
Тақырыбы:  Досыма сыйлық    Мақсаты: Балаларды мейірімділікке ,  досына қуаныш сыйлау , қамқор болу сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ересек « Балдырған» тобы . Тәрбиеші  Көпбергенова Н.С
Ұйымдастырылған іс-әрекет : Сурет
28
шілде
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет : Сурет
Тақырыбы: "Балықтар" Мақсаты:  Балаларға балықтардың тіршілігі, түрлері және олардың суда өмір сүретіні туралы түсінік беру; балықтың дене бөліктерімен таныстыру (құйрығы, қанаты, желбезегі және т.б.); табиғатты қорғауға, тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.  Ересек " Балдырған " тобы. Тәрбиеші Көпбергенова Н.С
Ойын  ойнап ән салмай  өсер бала бола ма    " Балық аулау"  ойыны
22
шілде
2025
Ойын ойнап ән салмай өсер бала бола ма " Балық аулау" ойыны
Ойын мақсаты: Бала балықты дәл ұстап алу үшін көзбен көріп, қолымен бағыттауды үйрету.  Кезекпен ойнау, досына көмектесу арқылы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  Балықты ұстауға біраз уақыт пен шыдам керек, баланың зейінін тұрақтандырау. Ортаңғы «Құлыншақ» тобы . Тәрбиеші Болд Н
Жазғы сайыстар   " Кім жылдам" ойыны
18
шілде
2025
Жазғы сайыстар " Кім жылдам" ойыны
Ойын мақсаты: Қозғалыс белсенділігін арттыру. Топпен жұмыс істеуге, тәртіпке баулу. Координация мен қимыл шапшаңдығын жетілдіру. Ересек "Балдырған" тобы . Тәрбиеші Көпбергенова Н.С
Жазғы сайыстар
16
шілде
2025
Жазғы сайыстар
Мақсаты:   Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру және достық қарым-қатынасты дамыту.Мектепалды "Қарлығаш" тобы . Тәрбиеші Рахымжанова М
Жазғы сайыстар  "Ұлттық ойын"
15
шілде
2025
Жазғы сайыстар "Ұлттық ойын"
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене шынықтыру қабілетін,  ептілік пен икемділігін жетілдіру. Мектепалды «Тұлпар» тобы . Дене тәрбие нұсқаушысы Жусипбекова Л.Ж
" Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы"
14
шілде
2025
" Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы"
Мақсаты : Балалардың «отбасы» туралы түсінігін кеңейту.  Балаларды отбасындағы сыйластыққа, бір-бірін қадірлеуге, мейірімді болуға үйрету. Мектепалды "Сұңқар" тобы  Тәрбиеші Исмагулова А.С 
Сахналық қойылым:  "Мақтақыз бен мысық" ертегісі
11
шілде
2025
Сахналық қойылым: "Мақтақыз бен мысық" ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын таныстырып, кейіпкерлерді есте сақтауға және олардың әрекеттерін түсінуге көрсетуі. Балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, қарапайым рөлдерді сомдау арқылы тіл байлығын арттыру және сахнада өз-өзін ұстауға үйретуіу,   Балаларды достыққа, бір-біріне көмектесуге, татулық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Ересек "Аққу" тобы Тәрбиеші Иманғалиева М.Қ
Сахналық қойылым: «Жеті лақ» ертегісі
11
шілде
2025
Сахналық қойылым: «Жеті лақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға «Жеті лақ» ертегісінің мазмұнын түсіндіру және сахналық көрініс арқылы кейіпкерлердің рөлін жеткізе білуге үйрету.  Балалардың шығармашылық қабілеттерін, есте сақтау, көркем сөйлеу, сахнада өз-өзін еркін ұстау дағдыларын дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, адалдыққа, анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Жамандықтан аулақ болуға баулу. Ересек "Балдырған" тобы  Тәрбиеші Көпбергенова Н.С