Материалы за Август 2025 года » ГККП "Ясли сад №105"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №105»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 291-83-71
Методист:
+7(727) 291-19-03
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Август 2025 года
« Конституцияға саяхат»
29
август
2025
« Конституцияға саяхат»
Мақсаты:  Балалардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Мектепалды "Сұңқар" тбы. Тәрбиеші Машахаева Э.Қ
ҚР Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған тақырыптық іс -әрекет
28
август
2025
ҚР Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған тақырыптық іс -әрекет
Мақсаты : Балаларға  Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздер мен заңдарды құрметтеуге тәрбиелеу.  Ересек "Балдырған" тобы . Тәрбиеші Көпбергенова Н.С
Конституция күніне орай тақырыптық ұйымдастырылған с-әрекет:   Жапсыру
28
август
2025
Конституция күніне орай тақырыптық ұйымдастырылған с-әрекет: Жапсыру
Тақырыбы: "Ту" Мақсаты:   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен (Ту, Елтаңба, Әнұран) таныстыру, олардың маңызын түсіндіру. Мемлекеттік Туға деген құрмет сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы туды жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ортаңғы " Ақбота тобы . Тәрбиеші Абдікаримова М
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған  « Айбары асқақ-Ата заң »  тақырыбында ертеңгілік.
28
август
2025
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы бастапқы түсінік беру.  Балаларға Ата Заңымыздың не екенін, оның елдегі ең басты заң екенін қарапайым тілмен түсіндіру. Балалар бойында туған жеріне деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу. Государственные символыді танып, құрметтеуге баулу. Мектепалды "Тұлпар" тобы . Тәрбиеші Сейтхан Г.Ж
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай  «Ата Заңым -ардағым»  тақырыбына ұйымдастырылған көрме.
27
август
2025
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заңым
Мақсаты:  Балаларға  Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздер мен заңдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар балалардың ел туралы білімдерін кеңейтіп, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
«Айбары асқақ -Ата заң»  мерекелік іс-шара
22
август
2025
«Айбары асқақ -Ата заң» мерекелік іс-шара
Балаларды құқықтық сауаттылыққа баулу, олардың өз құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, заң мен тәртіпке бағынудың маңызын ұғындыру,  Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу. Мектепалды "Қарлығаш" тобы. Тәрбиеші Нуркасымова Ж.О
Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет
21
август
2025
Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет
 Тақырыбы: “Ұлттық киімдер” Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру. Ұлттық киімдердің әсемдігін көрсете отырып, әдемілікке, көркемдікке баулу.   Ересек "Аққу" тобы .  Тәрбиеші Имангалиева М.
Театр – ғажайып әлемі: «Толағай» ертегісі
21
август
2025
Театр – ғажайып әлемі: «Толағай» ертегісі
Мақсаты:   Балаларға «Толағай» ертегісі арқылы отансүйгіштік, ерлік, батырлық және табиғатты қорғау сияқты құндылықтарды түсіндіру, көркем ойлауын, қиялын дамыту. Кинотеатр форматы арқылы ертегіні қызықты етіп жеткізу арқылы балалардың әдебиетке, өнерге деген қызығушылығын арттыру.   Ертегіде Толағай есімді батыр бала елі үшін үлкен тауды көтеріп, ауылына жаңбыр жаудырып, қиыншылықтан құтқарғаны туралы баяндалды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қуанып, Толағайдың ерлігіне таңғалды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршаған әлеммен  таныстыру
15
август
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршаған әлеммен таныстыру
Тақырыбы: Гүлдер  Мақсаты:  Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту арқылы оларды қоршаған ортамен таныстыру, гүлдердің түрлері мен ерекшеліктері туралы түсінік беру, тәжірбие арқылы табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ересек «Аққу» тобы. Тәрбиеші Рахымжанова М
Ұйымдастырылған іс-әрекет:  Дәстүрден тыс  жапсыру
12
август
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Дәстүрден тыс жапсыру
Тақырыбы: Әдемі гүлдер  Мақсаты:  Балалардың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру. Ортаңғы «Ақбота» тобы. Тәрбиеші Абдікаримова М
Атақты ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыАбай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай   «Абай әлемі» тақырыбында балабақшамызда кітап бұрышы ұйымдастырылды.
12
август
2025
Атақты ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыАбай
Мақсаты : Балаларға қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алғашқы түсінік беру, оның даналық сөздері мен өнегелі өмірінен рухани тәрбие беру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:  Жапсыру
11
август
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Жапсыру
Тақырыбы: «Кемпірқосақ»  Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, түстерді тану және кемпірқосақтың реттілігін меңгерту арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру. Ересектер  «Балдырған » тобы. Тәрбиеші Көпбергенова Н.С
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Жапсыру
11
август
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Жапсыру
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Жапсыру   Тақырыбы: «Кемпірқосақ» Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін кеңейту, кемпірқосақтың құрылымымен таныстыру, жапсыру дағдыларын дамыту және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Ересектер  «Аққу» тобы. Тәрбиеші Имангалиева А.Қ