10
сәуір
2024
" ХХI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы"
" ХХI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбында өткен VI қалалық педагогикалық оқуларына Исмагулова Айдана Серікқызы қатысып, тақия жобасына өзінің жаңа технологиясын енгізді.
Қазақ халқы бала тәжірибиесіне өте ерте жасынан бастап мән беретін халықтың бірі.Тәрбиені тал бесіктен бастаған десек те қателеспейміз. Әсіресе, ата-бабабадан келе жатқан салт-дәстүр,ұлттың тілі мен талантын бала бойына ерте сіңіртуге бар еңбегін аямаған. Соның ішінде ұлттық санаға зер салып, өз отанын сүюге, тілін, елін қадірлеуге, жалпы, ұлттық құндылықтарын білуге бағыттаған.
Әрбір тәрбиеші өз тәрбиелік жүйесінде ұлттық сана мен құндылығын тарихқа сүйене отырып, кешегі мен бүгінді, бүгінгі мен болашақты байланыстыруды дағдыға айналдырғанда, біз өз болмысымызды жоғалтып алмайтынымызға сенімді боламыз.
Жобаның өзектілігі:
Балабақша бүлдіршіндеріне ұлттық санадағы тектіліктен туындаған киелі бас киім – тақияны қадірлеп, ұлттық киім ретінде күнделікті киюге дағдыландыру. Ұлттық құндылығымыздан алшақтаған қала бүлдіршіндерін ұлттық тақия тәлімімен тәрбиелеуді инновациялық технология, әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу. Тақияның киелілігі мен қасиетін, ұлттық сананың белгісі деп түсінген бала оны кигенде, ұлттық рухын оятып, ұлттық мақтанышын сезіндіру. Ұлттық сананың, ұлттық құндылықтың болашағы – өзін-өзі танып білуінде екенін ұғындыру.
Жобаның мақсаты: Балабақшада ұлттық санамызды толықтырып, тақия тәлімін білім мен тәрбиеге үйлестіре отырып, ұлттық құндылығымызды инновациялық технологиялар арқылы қадірлеуге насихаттау.
Жобаның міндеттері:

- Әр бүлдіршінге ұлттық санаға мән бергізумен бірге, ана тілімізде таза сөйлеуді қалыптастыру;
- Ұлттық болмысты насихаттау;
- Ұлттық киім кию мәдениетімізді жас бүлдіршіндерге үйрету, жаңғырту, олардың ұлттық санасын дамыту;
- Қазақ балабақшаларындағы тәрбие саласына ұлттық нақыштағы өзгерісті енгізу.