Қош келдің жаңа жыл!
Алматы қаласы, МКҚК №105 бөбекжай-балабақшасында 26.01.-29.01 2017 жыл аралықтарында жаңа-жыл мерекесі барлық
(8 топта) жоғары дайындықпен ұйымдастырылды.
Кеш барысында балалар көтеріңкі көніл күйге бөленді. Жасыл шырша жанында балалар әндерін айтып, би билеп, аяз атаға дайындаған тақпақтарын айтты. Тәрбиешілер ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, ертегі әлемінен қойылымдар қойды. Атап айтсам, Имангалиева Ақмаржан мыстан кемпір кейіпінде келіп, балаларға арналған сыйлықтарды түрлі айламен алуды ойластырады.бірақ мереке соңында өзінің қателіктерін түсініп мейрімді кейіпкерге айналады. Тәрбиеші Көпбергенова Назира сайкымазақ бейнесін сомдап, балалармен қызықты ойындар ойнап.биде биледі. Орман аңдарыда мерекеге келіп өздерінің мерекелік құттықтауларын жолдады. Ал балалар таңғажайып ертегінің ішінде жүргендей болды. Кіші топтың балалары қояндар биін биледі. Мерекенің соңында балалар Аяз атаның сыйлығын алып мәре –сәре болып жатты. Ата-аналар ізгі тілектерін білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.