Наурыз мерекесі
Анықтама
Ағымдағы жылдың наурыз айының 10.04.2018-13.04.2018 ж аралығынданаурыз мерекесіне орай өткізілген «Армысың әз Наурыз» тақырыбында ертеңгіліктер өтті. Оған ортаңғы, ересектер және мектепке даярлық топ бүлдіршіндері қатысы.Әрбір топ қазақты ұлттық нақышта зал іші безендіріліп, көрнекіліктер ілініп, ерекше дайындық жасалған-ды. Осының бәрі кішкентай балдырғандардың бойына ұлттық сал- дәстүріміздің асыл құндылықтарын дарытуға негізделгені анық. Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз- жыл басы» атты ертеңгілікті «балабақша ата-аналарымен бүлшіндері де асыға күткен еді. Бұл күні қызылды-жасылды ұлттық киімдер киген бүлдіршіндер қыр гүліндей құлпырып кетіпті. Ертеңгілік тізгінін қолына алған топ тәрбиешілері Наурыз мерекесінің халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі мәні мен маңыздылығы жайлы айтып өтті. Осыдан соң бүлдіршіндер Наурыз мерекесі, көктем айы туралы жыр шумақтарын мәнеріне келтіре жатқа оқып, әсем ән мен толқынды биге де кезек берілді. Ән әуені, домбыра сазы -ұлттық сезімді оятатын тәрбие құралы екені анық. Ұлттық салт – дәстүрімізді балдырғандар бойына жастайынан сіңіре білудің маңызы зор «аластау» , «тұсау кесер»рәсімінің жөн- жоралғысын сахналық көрініс арқылы шебер жеткізе білді. Қазақ халқы «өнер алды қызыл тіл» деп шешендік өнерді жоғары бағалағаны белгілі.Тіл өнерінің алтын арқауы саналған- айтыс өнері де бұл кеште көрініс тапты. Қыз бен жігіт айтысына шыққан өнерлі балдырғандар – Зере мен Әбдукарімнің өнеріне тәнті болып, қошеметпен қол соғып отырды. Балалар ұлттық ойындарға да белсене қатысып, жаңылтпаш айтудан да жаңылмады. «Биле,биле » әнін әуелете шырқаған Сманова Еркежан өнері мерекені әрлендіре түсті. Кішкентай балғындардың өнерін тамашалаған балабақша меңгерушісі Есимбетова Гульнара Алихановнаөз ризашылығын білдіріп, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Бүлдіршіндердің түскі тағамдарына наурыз көже мен бауырсақтар дайындалды. Мерекелік ертеңгіліктің соңында ата-аналар мен балабақша бүлдіршіндері жайылған ақ дастарханнан, арнайы пісірілген наурыз көжеден дәм татып, мәз-мейрам болып тарқасты.Сонымен бірге қонаққа келген Наурыз арудың «Той шашу» әнімен мерекені аяқтады