"Ұшқыр ойла,жас маман" такырыбында байқау
2018-2019 оқу жылының қаңтар айында Елбасының жастарды қолдау саясатын жүзеге асыру мақсатында "Ұшқыр ойла, жас маман!" атты балабақшаішілік жас мамандар байқауы болып өтті. Байқауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі мақсатыда толық көрініс тапты. Байқауға 5 жас маман қатысып, өздерінің жан-жақты, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз болуға лайық екендерін көрсете білді. Байқау жеті бірдей кезеңнен құрылып, әр кезеңнің ержелері мен талаптары алдын ала таныстырылды.
Байқау мынадай кезеңдерден құрылды:
- «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 3 минуттық таныстыру)
- «Мен білікті маманмын» (сұрақ-жауап)
- «Өнердің өрі- таланттың төрі» (өнерін көрсету 3-4 минут)
- «Көркем сөздің кереметі» (Берілген өлең жолдарын мәнерлі орындау 3 мин.)
- «Рухты елдің қол өнері» (қол өнер жасау, түсіндіру 5 мин.)
- «Менің актрисалық келбетім» (қысқа метражды видеоролик 2 мин)
- «Ас үйде сіз қалайсыз?» үй тапсырмасы.
Қатысушы жас мамандар өте жоғарғы деңгейде дайындалып, өздерінің белсенділіктері мен шығармашылықтарын танытты.
Педагогика саласына жан-жақтылық өте қажет. Осы байқау барысында жас мамандар берілген жеті кезең бойынша өздерінің жан-жақты екендерін дәлелдеп, лайықты орындармен марапатталды. Байқауға балабақшамыздың меңгерушісі, І санатты тәрбиешісі, әдіскері және медбикесі қазылық етіп, әділ бағаларын берді. Жеті кезеңнен сүрінбей өтіп, өзінің ізденімпаздығымен, талантымен ерекшеленіп, байқаудың бірінші орынын екінші кіші топ тәрбиешісі Рахматулла Мереке иеленсе, екінші орынды екінші кіші топ тәрбиешісі Турмахан Назым, ал үшінші орынды бірінші кіші топ тәрбиешісі Алмабекова Мадина иеленді.
Байқаудың әр кезеңі қатысушылардан ерекше біліктілікті, креативтілікті талап тетті. Бірінші кезең бойынша барлығы өз болмыстарын, мамандықтарын өлеңге қосып тебірене орындаса екінші кезеңде өз мамандықтарына сай берілген сұрақтарға ұтымды жауап бере білді. Осы орайда әр жас маманның тәлімгерлеріде жандарын шүберекке түйіп, өз шәкірттері үшін дұрыс жауаптарын ойға түйіп отырды. Байқаудың үшінші кезеңі ең қызықты да тартысты кезең болды. Себебі, жас мамандар өз мамандықтарынан бөлек тума таланттарын ортаға салып, түрлі жанрда өнерлерін көрсетті. Бірі мың бұрала би билесе, бірі күмбірлетіп күй тартты ал енді бірі ән салып тіпті сахналық қойылымдарда көрсетілді. Жас мамандардың жан-жақтылығына сүйсінген балабақша меңгерушісі байқау соңында сөз сөйлеп, марапаттау сыйлықтарын табыстады.