"Жүрекке жол тапқан- мейірімді ана"
10.02.2020 жылы ұйымдастырылған мерекелік кеш.
Тақырыбы: «Жүрекке жол тапқан –мейірімді ана»
Балабақшада «Сүйіспенщілік- өмір негізі»атты тақырыптағы ашық сабақтармен қортындылатын дәстүрлі өзін-өзі тану декадасы өткізілуде.
Бүгін С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған « Жүрекке жол тапқан мейірімді ана» тақырыбындағы мерекелік кешке тәрбиешілер мен студенттер қатысты.
Мерекелік кеш барысында С.А.Назарбаеваның өмірбаяны танысырылды.
«Жетім бала» монологі оқылды.
- Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін –өзі тануына,өзін –өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған істің нәтежелі болатынын ұғындырады.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасалған әрекетіне байланысты болады.
- Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына,ең жақын адамдарына ,жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік, махаббат,достық, сенімді ізгілік қасиеттерін дамыта түседі.
Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы
1-Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты тәрбиеші-педагогтер және қадірменді қонақтар! «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп Сара Алпысқызы айтқан екен.
Бүгін 12 ақпан аяулы ана, асыл жар,жүрегі сүйіспеншілік пен махаббатқа толы, “алтын жүрек анамыз” Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана » атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының гимні
Назарбаева Сара Алпысқызының өмірбаянымен таныстыру (презентация)
«Жетім бала» монологі
1-Жүргізуші:
Жетімді жетім демей, кең құшағын періштелерге ашқан Сара Алпысқызы Назарбаева 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын құрып, жетімдерге жәрдемдесіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға.
2-Жүргізуші:
Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға
1-Жүргізуші:
Білесің бе, Сара Алпысқызы: «Мен, бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді екен.
2-Жүргізуші:
Міне керемет, Сара апамыздың балалар болашағына алаңдайтынын мен жаңалықтардан байқап қалдым. Ендеше видеоматерилға көңіл аударсақ!
(Ролик)
1-Жүргізуші:
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі
Сара апаны ойласам өмірімнің
Төріндегі қиялы сөгіледі
Сізді көрсем бақыт та көрінеді
Сіз арқылы бақытым өріледі,
«Өзін өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ қараны өмірдегі.
2-Жүргізуші:
Расымен де, айта кетсек Сара Алпысқызы осы «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізген болатын. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
1-Жүргізуші:
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
1-Жүргізуші:
Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына, өзін-өзі сыйлай білуіне,шын ниет,адал жүрекпен басталған істің нәтижелі болатынын ұғындырады.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасалған әрекетіне байланысты болады.
2-Жүргізуші:Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына,жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат,достық сенімді ізгілік қасиеттерін дамыта түседі.
1-жүргізуші:
Ел аман,жұртымыз тыныш болып,
Басымыздан бақ құсы кетпесін мүлде.
Құтты болсын туған күнің Сара апа,
Әрқашан бақытты бол жан апа.
- деп Сара Алпысқызы Назарбаеваны бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-Жүргізуші:
«Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты мерекелік іс-шарамызға қонақ болып келгендеріңізге рахмет дей келе, Сара апамыздың «Айналайын» сүйікті әнімен салтанатты кешімізді аяқтағымыз келеді. Бірге қосылып шырқайық!