«Алтын ғасырлы-Алтын ордаға 750 жыл» » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын ғасырлы-Алтын ордаға 750 жыл»
17
ақпан
2020

«Алтын ғасырлы-Алтын ордаға 750 жыл»

Биылғы жыл қазақ халқы үшін тарихи маңызды кезең болмақшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Алтын орданың 750 жылдығын» ауқымды атап өтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының жолдауын кеңінен  насихаттап келешек ұрпақымыздың бойына  ұлттық құндылықты, тарихимызды    түсінідіру мақсатында 17.02. 2020 жылы  «Алтын ғасырлы-Алтын ордаға 750 жыл» тақырыбында қалалық іс-шара ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық топ бүлдіршіндерімен  өткізілген   шара барысында Алтын орданың қалай құрылғаны жөнінде мағлұматтар беріп, мәдениеті мен шаруашылығы, даму экономикасын айтып түсіндірді. Іс –шараның  жалғасы концерттік бағдарламамен  ұласты. Бүлдіршіндер «Сүгр», «Батырлар» биін билеп өнерлерін ортаға салды. Сөзі Нұржан Өмірбай жазған «Мен қазақпын» әнін тәрбиешілермен бірге  шырқап мерекені аяқтады.