29
қазан
2020
"Алтын күз" ертеңгіліктері
Балабақшамызда 28.10 - 30.10.2020 күндері аралығында ортаңғы, ересектер, мектепалды даярлық топтарында "Алтын күз" атты ертеңгіліктер өтті. Бүлдіршіндер күз мезгілінде болатын құбылыстарды, ерекшеліктерді ән-жырмен, тақпақтармен, бимен жеткізді. Ертеңгіліктер сценарийлері ұжыммен ақылдаса отырып құрылды. Ертеңгілік барысында барлық нөмірлер жүйелі түрде өтілді. Балалардың өз өнерлерін қысылмай, еркін көрсетулеріне, олардың көтеріңкі көңіл-күйде болуларына мүмкіндік жасалған. Тәрбиешілер балалардың толық қатысуын қадағалады. Музыка жетекшісінің үйреткен әндерімен басталған ертеңгілікте "Күз ханшайымы", "Бағбаншы атай" сынды кейіпкерлер де болды. "Күз ханшайымы" бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, бірге биледі.
Ортаңғы топтарда "Қарлығаш", "тамшылар" билерімен бірге "Күз келгенде", "Қолшатыр" әндері шырқалды.
Ересектер топтарында "Күз тамаша", "Алтын күз" әндері шырқалып, ер балалардың "Қарбыз", қыз балалардың "Жапырақтар" биімен жалғасты.
Мектепалды даярлық топтарында "Құстар", "Күз ханшайымдары", "Джентельмен" билерін билеп, "Сүйікті күз", "Күзгі вальс" әндері айтылды.
Балалар ертеңгілік бойы өздерін ертегідегідей сезініп, әсерлі көңіл-күй орнады.







