19
қазан
2020
МКҚК №105 бөбекжай-балабақшасы туралы мәлімет және тарихы
№105 бөбекжай – балабақшасы
Алматы қаласы
Медеу ауданы
Зенков көшесі, 58 үй
телефондар: 291-83-71
291-19-03
Меңгеруші: Есімбетова Гүлнар Алиханқызы, еңбек өтілі — 34 жыл.
(Енбек жолын осы мекемеде 1986 жылдан логопед мамандығы бойынша бастаған. 2004 жылдан бастап – балабақшаның меңгерушісі).
Қаладағы бірінші №204 (қазіргі №105) қазақ балабақшасы.
1965 жылы Ленин даңғылында 6 топ болып ашылды.
1976 жылы Зенков көшесіне көшіріліп, бүгінгі күнде 8 топ толығымен жұмыс істеп жатыр, 195 орынға арналған. Балабақшада ән-күй, дене шынықтыру залдары, өз-өзін тану бұрышы, бейнелеу және еңбек өнеріне арналған, логопед бөлмелері бар. Әр топ әдістемелік талапқа сай безендірілген. Оқу тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Ы. Алтынсарин Ғылым институтының мектепке дейінгі тәрбие бөлімнің экспериметтік жұмысы бірінші күннен осы бақшада жүргізілді. 1991 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының эксперименттік жұмыстары осы балабақшада өтті.
2010 жылы Алматы қаласы бойынша «Ең үздік балабақша» конкурсында бірінші орынға ие болдық.
Ы.Алтынсарин атындағы №159 қазақ мектеп-гимназиямен тығыз байланыстамыз.
Балабақшада 20 педагог жұмыс істейді: меңгеруші, әдіскер, логопед, психолог, дене шынықтыру мұғалімі, ән-күй мұғалімі, 12 тәрбиеші өзінің мамандығы бойынша жұмыс атқарып жатыр. Оның ішінде:
-жоғары санатты — 3 педагог;
-бірінші санатты – 2 педагог;
-екінші санатты – 5 педагог.
Балабақшаның тарихы
1990 жылдары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев №204 (105) бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Есімбетова Перде Елеусізқызымен кездесу өткізіп, өз қолынан сыйлықтар тапсырды. Оның ішінде: ақшалай 3000 сом, кілем, пионино, вазалар тапсырып аманат етті. Берілген ақшаға балаларға арнап ұлттық киім кешек, көрпе-жастық алынған. Бұдан кейін бақшамыздың бүлдіршіндері Димаш атаның туған күнін асыға күтетін. Туған күніне арнап тақпақ, өлең жырлар дайындап концерт өткізетін. Құттықтауға келген шетелдік, алыс жақыннан жиналған қонақтардың көптігіне қарамастан Димаш ата сәбилерді кезек күттірместен қабылдап, олардың дайындап әкелген нөмірлерін сүйсініп, Қызыға тыңдайтын. Балабақша меңгерушісі Есімбетова Перде Елеусізқызы өз сөзінде былай деді:
-Жас ұлғайса да жүзі жылы, көзінен мейірім шапағат нұры төгіліп тұр. Сөйлеп отырған адамның сөзін бөлмей, жүзіңе тура қарап, пікіріңді толық айтуға кедергі келтірейтін мәдениетті, парасатты жан екенін кейінде бірнеше рет байқадым. Бір сағатқа созылған әңгіме барысында балабақшаның жұмысын, тыныс тіршілігін, ондағы тәрбие жұмыстарының жай жапсарын, мұң-мұқтажымызды сұрай келе, ұлттық ерекшелікке, тілге қалай мән беріп жатқанымызға айрықша назар аудара келіп «Қазақстанның келешегі зор! Сіздер тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер ел ертеңі, ел болашағы! Шаңырақтың әрбір уығы – сол сәбилер. Соны қисайтпай дұрыс тәрбие беріңіздер. Осыны тәрбиешілеріңізге аманат етіңіз!» - деген екен.
«Аманат» деген сөз үлкен ұғым ғой. Димаш ағаның осы сөзі қазіргі кезде жадымызда мәңгілік сақталып, әрбір басқан педагогтың қадамына үлкен демеу болып келеді. Димаш ағаның сыйлаған сыйлығын көзіміздің қарашығындай сактап келеміз.
Балабақшаны аса көрнекті, мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың есімімен атау жөнінде ұсыныс жасап келеміз. Өйткені, бәрімізге ортақ Димаш ағаны жаркын бейнесі ұрпактан-ұрпаққа жалғаса беретініне күмән жоқ.
Осы балабақшаның оқу-тәрбие саласына үлес қосқан атақты педагог – Есімбетова Перде Елеусізқызы.

Есімбетова Перде Елеусізқызы еңбек жолын 1965 жылы осы балабақшадан бастаған. Бала тәрбиелеу ісінде, балаларға білім беруде өз катарының алды болған, аудан, кала, республика келемдерінде, сонымен катар 1974 жылы Алматыда өткен Бүкіл Дүние жүзілік семинарға келушілерге ана тілі сабағынан жоғарғы деңгейде сабақ көрсетті. Білімділігімен көзге түскен тәрбиеші аудан басшыларының ұсынысымен 1976 жылы аға-әдіскерлікке ауыстырылды. Ана тіліндегі әдістемелік әдебиеттердің тапшылығына (дошк. вос-е) өз бетінше аударып, әдістемелік нұсқаулар жасап, тәрбиешілерге карамастан, орыс тілінен ұсынып отырды. Ізденіс нәтижесінде 1985 жылы «Мектеп» баспасынан «Қол еңбегінен дидактикалық материалдар» деген әдістемелік құралы жарық көрді. Кітапша отбасы мен балабақша еңбекке тәрбиелеудің тиімді жолдары көрсетілген. Сондай-ақ мұнда дидактикалық материалдар, түрлі көрнекі құралдар, қазақтың ұлттық ою-өрнегін үйретудің сабак үлгілерін ұсынған. Бұдан басқа «Сенсорлық тәрбие» (бастауыш мектеп 1988 ж), «Баланы еңбекке баулудың жолдары» (бастауыш мектеп 1989 ж), «Баланы жастай өсірейік» (Отбасы және балабақша 1996 ж), «Баланы тәрбиелеуді жек көрмедім» (Қазақстан мұғалімі 1996 ж) деген мақалалары жарық көрген.
Сабақты көрнекіліктермен жабдықтау мақсатында «Геометриялық пішіндер», «Мактаншак коян» деген тақырыптарда диафильмдер жасап шығарды. Бұл ана тілінде шыққан таптырмас бірден-бір құрал болып табылады. Бала тәрбиесінің қыры мен сырын терең білген әдіскер 1990 жылы осы балабақшаға меңгеруші болып тағайындалды.
Бүкіл өмір жолын бала тәрбиесіне арналған маман, меңгерушілік қызметін үлкен абыроймен атқарды. Тәрбиешілерге дұрыс талап қоюмен шектелмей, халықтық педагогика негізінде балаларға тәрбие беруде кейіпкер рольдерін (Ақ әже, Жер Ана) өзі ойнады.
Бұл сәбилердің аналық мейірімін жан дүниесімен сезініп балабақшаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Әдістемелік жұмысты терең меңгерген маман «Балбөбек» бағдарламасының талабына сай Дене шынықтыру бөліміне байланысты М.Т.Тұрыскелдинаның «Кел ойнайық» деген еңбегіне құнды пікір жазған. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда педкеңес, семинар, кеңестер, жас мамандармен кеңестерді жан-жақты қызықты өтумен катар заман талабына сай құнды пікір бере білді. Сондай-ақ қаланың тамыз конференциясының осы балабақшада өтіп, дайындық ұйымдастыру жұмысының өте жоғары деңгейінде болғандығын қала басшылары атап өтіп, аудан әкімінен ақшалай сыйлық алды.
Қазақ ССР Халыққа Білім беру Министірлігінен Республикалық оқу Әдістемелік кабинетінен шыққан «Ізденіс, эксперимент, тәжірибе» деген жинақта (61-63 бет) Перде Елеусізқызына «... еңбек жолынан өткен, ол бүгінде шығармашылықпен еңбек ететін шебер кеңсөздер қатарында», - деп баға берген.
Қазақстан мұғалімдерінің 4-ші съезіне делегат.
Республикалық педагогикалық семинарда «Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамға пайдалы еңбек ету дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды.
Облыстық білім беру жетілдіру институты комиссиясының құрамында болып, облыстарға (Семей, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы) барып лекциялар окып өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Казакстан Республикасы Білім Департаменті, қала, аудан тарапынан мактау қағаздарының бірнеше дүркін иегері.
Казакстан Республикасы Білім, Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің «Тәлім тәрбиенің негізін қалаған еңбегі үнін» деген мақтау қағазымен марапатталған.
Балабақша 1984 жылы «Дене шынықтыру» сабағында ұлттық ойындарды Қазак ССР Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесінде бірінші дәрежелі дипломға ие болды. 1985 жылы қала бойынша өткізілген «Әдістемелік кабинеттердің жабдықтауы» деген конкурста 3-ші орынға ие болды. Қала бойынша өткен «Айналаны көгалдандыру» конкурсында 2-ші орынға ие болды. Ы.Алтынсарин Ғылыми институтының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің эксперименттік жұмысының 1-күнінен осы балабақшада жүргізілуіне байланысты «Балбөбек» бағдарламасының тәжірбиелік жұмысының барлық бөлімдері бойынша сабақтардың жоғарғы деңгейде аудан, қала, республика көлемінде өтілді.
Бақша меңгерушілері арасында ұйымдастырылған жарыстарда өз өнерімен көзге түсіп, жүлделі І – орынға ие болды.
1997 жылы «Білім беру туралы» және «Қазақ балабақшасындағы тәрбие жөніндегі заңдар жобасына қатысқан педагог».
Есімбетова Перде Елеусізқызының еңбек жолындағы жеткен жетістіктері:
-1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық медалі;
-1978 жылы Қазақ ССР Халық ағарту ісінің қызметкері;
-денешынықтыру сабағынан ұлттық ойындарын пайдалану жөніндегі ВДНХ-ның
дәрежелі дипломының иегері;
-1986 жылы Еңбек ардагері. 1992 жылы Ы.Алтынсарин медалі;
-1995 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері;
- 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегері.







