Дөңгелек үстел - "Оқытудың жаңа технологиялары" 29.10.2020ж » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дөңгелек үстел - "Оқытудың жаңа технологиялары" 29.10.2020ж
03
қараша
2020

Дөңгелек үстел - "Оқытудың жаңа технологиялары" 29.10.2020ж

Баяндама

Тақырыбы: «ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Тәрбиеші:  Нұрқасымова Ж.Ө

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім балабақша мен мектеп мұғалімдеріне, өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих Саулович Альтшуллер ТРИЗ технологиясын жасаған.
 ТРИЗ технологиясының мақсаты – ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып, ұжымдық әрекет, яғни қарым-қатынас жасай білуге үйрету, дағдыландыру.
 ТРИЗ технологиясы балаға шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамытып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
 ТРИЗ (теория решение изобретательских задач) технологиясы, яғни тапқырлар тапсырмаларын шешу теориясы (ТТШТ-ТРИЗ) балабақшадан бастап мектеп практикасына енуде.
 Генрих Саулович Альтшуллер 1946 жылы шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады.
 Триз атауы кейінірек 70 жылы пайда болады. ТРИЗ технологиясын Г.С.Альтшуллер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады.
 Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Дарынды мен нашар оқушыларға бірнеше әдістері бар. Бұл әдістер өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.
 Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі-балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
 Жаңа дәуірдің жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.
 Осыған орай мен сабақтарымда пайдаланып жүрген түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі ТРИЗ технологиясының әдістері көрсетілген. Осы әдістер бойынша жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытары сөзсіз.
 ТРИЗ технологиясының әдістеріне тоқталатын болсақ:
 1 әдіс. Сиқырлы объектілер әдісі.

 1) Таныс объекті аламыз.
 2) Объектінің сипаттамасын жазамыз.
 3) Барлығымызға таныс екінші объектіні аламыз.
 4) Бірінші объектінің сипаттамаларын екінші объектіге қосып жазамыз.
 5) Қолдануға болатынын дәлелдейміз
 Мысалы бір ақ дәріні аламыз. Дәрінің сипатамасын жазамыз. Түсі ақ,пішіні дөңгелек. Қандай жағдайда қолданамыз? Бас ауырғанда үнемі пайдаланамыз. Адамға қандай әсері бар? Қатты ауырып отырған адам басын көтеріп, жазылып шыға келеді. Енді осы объектіні таныс екінші объектіге қолданамыз. Жаңағы ақ дәріні ән деп, алайық.Түсі ақ, пішіні дөңгелек, яғни бұл тойда айтылатын ән. Қандай жағдайда қолданамыз? Қыз ұзатуда немесе келін түсіруде. Адамға қандай әсері бар? Көңілі түсіп отырған қыз тойға келген ағайын, тума, достарын көргенде көңілі көтеріліп шыға келеді. Қолдануға болатынын осылай дәлелдейміз. Бұл әдіс әр қырынан қарауға, қиялдай ойлауға, шығармашылыққа баулиды.
 2 әдіс. Оқиғаларды бір-бірімен байланыстыру әдісі.
 Ақ тиін ағаштың басында отырып, оның бүршіктерін жерге тастай берді. Осы кезде сол маңнан жүріп келе жатқан жүк машинасының жүргізушісі бүршіктерді жинайын деп...
 Жүк машинасы белгіленген уақытта тиісті жерге келмеді.
 Енді осы әдісті байланыстырып көрейік.
 Ақ тиін ағаштың басында отырып, оның бүршіктерін жерге тастай берді. Осы кезде сол маңнан жүріп келе жатқан жүк машинасының жүргізушісі бүршіктерді жинайын деп, жатқанда кенеттен күн күркіреп, жаңбыр жауып кетеді. Үсті басы малмандай су болып,жүргізуші машинасына әрең жетеді. Жаңбыр тиылар емес. Көлігінде киімі су күйінде отырған жүргізуші сырқаттанып қалады. Жөтелгені тоқтамай әбден әбігерге түседі. Біраз уақыт өткеннен кейін, күн шайдай ашылып шыға келеді. Көлігін оталдырып жолға шыққанда, кеш батады.
 Жүк машинасы белгіленген уақытта тиісті жерге келмеді.
 3 әдіс. Оқиғаларды бір-бірімен байланыстыру әдісі.
 
Ойлап, қиялдап, байланыспайтын нәрселерді бір-бірімен байланыстыруға бағыттайды.
 Ит тауықтың артынан жүгірді...
 Оқушылар серуенге бармай қалады.
 Ит тауықтың артынан жүгірді, тауық қаша жөнелді. Осы мезгілде серуенге шыққалы жатқан бір топ оқушылардың бірі тауықтың артынан қуа жөнелді. Оларды көрген оқушылар жүгіріп арттарынан кетті. Барса ит пен тауық оқушы балдардың үйінен шығып кеткен екен. Оларды арашалаймыз деп, балдардың бәрі әбігерге қалады. Ит пен тауықты әрең дегенде арашалап, үстерін ластаған оқушылар үйлеріне кетіп қалады. Балалар түгел жиналмағасын, жоспарлары өзгереді де,оқушылар серуенге бармай қалады.
 4 әдіс. Фантастикалық тақырыпта әңгіме жазу әдісі.
 Өзіңді бір мүлікпін деп есепте де, өз ойыңды жаз.
 Мен, тақтамын. Мені күні бойы оқушылар бетімді сызып жаза береді. Керек десе суретті де салып қояды. Бетімді жауып небір қағаздарды да іліп қояды. Жазуын жазғасын ең болмаса сүртіп те қоймайды. Үнемі мені сүртетін сүркіш үшін айқай болады. Ешкім сол сүрткішті жасап алып келмейді. Менің бетім үнемі борға малынып тұрады. Кезекшілерге қатты көңілім қалады. Ендігі де, бетімді сүртіп тазалап отырыңдаршы. Өтінемін. Сәлеммен Тақта.
 5әдіс. ДИАГНОСТИКА
 Бұлар неге ұқсайды?
 Суреттер көрсетіледі.
 Бұлт, мақта, жүн, қамыр, шаш
 Найзаның ұшы, тау, қос, «л» әрпі, бұрыш, церкуль
 Шексіздік, сегіз, құм сағат, екі үшбұрыш
 Көше қиылысы, «х» әрпі, найза, болмайды деген белгі
 Міне осылай оқушылар өз ойларын ортаға салады.
 6 әдіс. Әріптерден сөйлем құрау
 
А-Ж-Қ-Т
 5 минут ішінде 4 сөзден тұратын 5 сөйлем жаз.
 Алма жұмысқа қарай тартты. Ажар Жанарды қатты таңдандырды. Асқар жерге құлап түсті. Алмұрт, жүзім – қоректі тағам. Анаңды жақсы құрмет тұт.
 Сонымен жаңа технологияның берері:
 1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
 2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
 3. Іштей бір-бірімен қалмауға тырысып, талпынады;
 4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;
 Қорыта келгенде, өз мамандығын сүйетін, соған қызығатын өз ісінің шебері, шәкіртінің қадірменді ұстазы боламын десе, еңбек етуден ешқашан ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүріп, тәжірибесін өмір талабына сай толықтыра отырып, шығармашылықпен еңбек етуі қажет деп түсінемін. Сонда ғана еңбегіміз жемісті болып, алға қойған мақсатымыз: шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісін жүзеге асыра аламыз.






Похожие публикации:

25 желтоқсан 2019 "Жасыл шырша жанында "