13
желтоқсан
2019
Тәуелсіздік мерекесі
2019 жылдың 13 желтоқсан күні балабақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті.
Мерекенің мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.тақпақтар, өлең айтқызып тілдерін дамыту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған ««Менің тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік шараға мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері қатысып ертеңгілік өткізді. Балалар бұл шараларға белсенділік көрсетті. Олар ҚР мемлекеттік рәміздері мен авторларын атап, Қазақастан туралы тақпақтар айтты.Ән шырқап,биде биеледі. Ұлттық ойын «Теңге алу» «Көкпар»ойындары ойнатылды. Мереке балалар үшін өте көңілді және қызықты болып өтті. Меркелік кештің соңы от шашуларға ұласып, жұртшылықтың көңіл-күйін көтере түсті. Бүлдіршіндер өз еліне тілектерін айтып, сурет көрмелерін ұйымдастырды




