Мен өзім бәрін істей аламын! » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мен өзім бәрін істей аламын!
28
наурыз
2021

Мен өзім бәрін істей аламын!

 Балабақшаға баратын баланың дағдылары
 
Балабақшаға баратын бала, әрине, өзін-өзі күту дағдыларын игереді: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, жуыну, бет-қолын сүлгімен сүрту. Тәрбиешілер түймелеу, байлау іс-әрекеттеріне көмек көрсетеді, бірақ, әр уақытта он бес, мүмкін одан көп болған, балалардың киімдерін ауыстырып, әрқайсысына ас беруге, үлгермейді!Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады. Балаға дербестілікті болуға бөгет жасамаңыздар. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.