"Сүт өнімдері " жоба
Тәрби
Тәрбиеші Сагатбекова Лаззат 2019 жылдың қараша айында «Сүт өнімдері» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аталған жобада төрт түлік малдың бірі сиыр туралы түсінік берді. Сүттен жасалған тағамдармен таныстырып дәмін татқызып көрсетті. Алдын ала жүргізген жұмыстарын тиянақтап слаид арқылы естеріне түсірді. Тәрбиеші 4 апталық жобада сиырдың сүтінен қалай құрт алатынын балалармен зерттеді. Зерттеу жұмысының ұзақтығы 3 апта. Алдымен сүтті пісіріп оған ұйытқы косып жылы жерге бір-екі күнге қалдырды.Ұйыған сүтті дорбаға құйып, сары суы ағып біткенше қалдырды. Қатық үш кунде дайын болды. Балалар әр бір жасалу жолдарын қарастырып, нәтижесін оқу қызметінде құрт жасап көрсетті. Оқу қызметі қызықты өтті. Балалардың сөйлеуі, қимыл әрекеттері қалыпты. Сонымен бірге сүт өнімдерінің пайдасы туралы мағлұмат алды.