"Ұлы даланың жеті қыры" шеберлік сынып
08.102019 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының " курс тыңдаушыларымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы бойынша «шеберлік сынып» ұйымдастырылды. Шеберлік сыныпты тәрбиеші Алтынова Перизат жүргізді. Педагогтар текшелерді түстеріне қарай таңдап, орталықтарға бөлінді. Перизат алдымен «Ұлы даланың жеті қыры» туралы түсінік беріп,бейнетаспадан суреттерін көрсетті. Келесіде орталықтар бойынша жұмыс жасады.
1 топ. «Пластмас қасықтан қызғалдақ гүлі»
- Қасықтың бастарын ермексаз арқылы біріктіріп гүлдің күлтелерін жасады. Түтікшені гүлдің сабағына пайдаланды. Гүлдің жапырағын қатты картоннан қиып алды.
2 топ. «Қатты картон қағаздан жасалған алма»
-Алманың пішінін картон бетіне бастырып жеті бөлікке қиып алады. Әр алманы ортасынан бір бүктейді. Екі алманы теріс қаратып бір - біріне желімдейді.
3 топ. «Жұмсақ темірден қол әшекейлер»
- Жұмсақ темірге моншақтар, түймелер тізіп білезік жасау
4топ. «Ермексаз бен жіптен жылқы»
- Дайын қиылған жылқының пішінін қағаз бетіне бастырып алады. Ермексазды сипап жағу арқылы денесін толықтырады. Жіптен құйрығын жасайды.
5 топ. Барысты жасауды ұсынды.
- Барыстың бейнесін мозаикамен толықтырды.