«Бала тұлғасын қалыптастыруда мектеп жасына дейiнгi балалардың ойын әрекетін жетілдіру
2020 жыл 25-28 жыл аралығында «Бала тұлғасын қалыптастыруда мектеп жасына дейiнгi балалардың ойын әрекетін жетілдіру» тақырыбында семинар сабақтар өтті.
Оқу әдістемелік құралымен ғана шектеліп қана қоймай , баланың зейінін логикалық ойлауына көмектесетін дамытатын ойындарды тиімді пайдаландық
Осындай ойын сабақтарды кіші топтар мен ересектер тобында ұйымдастырдық.
Тәрбиеші Машахаева Эльмира өткізген ойынға балалар қызығушылықпен қатысты.
Тәрбиеші өз тобында «Мозайка», «Сиқырлы суреттер», «Өрмекшінің өрмегі»
«Сандарды сәйкестендір» ойындарын ұйымдастырды. Әр бір ойын құралдары қолдан жасалып кіріктірілді. Картон,жіп,мата,жұмыртқа салатын ұяшықтар т.б
Кіші «Ботақан» тобында үстел үсті «футбол» ойыны, «Кім жылдам», «түсін сәйкестендір», «Үйшік» ойындарын ойнатты.
Ортаңғы топтарда тәрбиеші Нуркасымова Назира «Қоянның көжегі» Иманғалиева Ақмаржан «Тышқан,ит және мысық» ертегісінен қойылым көрсетті. Тәрбиеші саусақтарына қуыршақтарды киіп, ертегі желісі бойынша театр көрсетті. Балалар ертегіні зейін қойып ұйымшылдықпен тыңдады. Қортынды бөлімінде ертегі кейіпкелеріне сипаттама жасап мазмұндап айтты. Қуыршақтарды қолдарына киіп оларды қимылдатып сөйлетті








