08
май
2025
Ұлттық аспаптар мұражайына саяхат.
Мектепалды « Тұлпар» ,»Қарлығаш» топ тәрбиеленушілерімен Ұлттық аспаптар мұражайына жасаған саяхатымыз өте әсерлі әрі танымды болды. Бұл мұражай — қазақ халқының бай музыкалық мұрасын, ұлттық аспаптарын жинақтап, сақтап отырған бірегей мәдени орын. Саяхат барысында домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, шаңқобыз сияқты көптеген көне және қазіргі ұлттық музыкалық аспаптарды көріп, олардың тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен балалар танысты. Мұражайда өте қызықты болды, балалар көп нәрсе үйренді.



