22
февраль
2021
Қалалық ІІІ "Шексіз талант" байқауы
Қалалық ІІІ "Шексіз талант" байқауында Медеу ауданы бойынша "театр" номинациясында балабақшамыздың педагогтері мен тәрбиеленушілері де жүлделі Гран-приге ие болды. Байқау қазіргі пандемияға байланысты онлайн өткізілді. Театр номинациясында "Балабақша - 2030" тақырыбы бойынша сценарий балабақша ұжымымыен ақылдаса отырып жазылды. Қойылым барысындағы әндердің сөзін музыка жетекшісі шығарып, би іс-қимылдарын қойды. Сонымен бірге, "вокал" номинациясында балабақшамыздың музыка жетекшісі Есқалиева Гүлбарам және логопед-мұғалімі Бөлеген Айкүміс Гран-приге ие болды. Байқау ережесі бойынша шырқалатын әндер жанды дауыста болды.











