«9 май Жеңіс күні!» арналған мерекелік іс-шара
Жеңіс күнін тойлауды Алматы қаласы №105 бөбекжай-балабақша ұжымы салтанатты мерекемен бастады. «9 май Жеңіс күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс шара барысында бүлдіршіндер патриоттық әндер мен тақпақтар айтты, шағын қойылым көрсетті. Мерекелік іс-шараның мақсаты соғыстан оралған қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып оларға құрмет көрсету болып табылады. Іс-шараға ардагер Ансардинов Садыр атаны шақырып, ол кісінің әңгімесін тыңдады. Ардагер аавгустға құрмет көрсетілді. Балабақша меңгерушісі гүл шоқтарын, сыйлықтар табыстады. Мектепке даярлық топ бүлдіршіндері Отан үшін жан қиған аталар мен апаларды құрметтеу еске алу мақсатында «28 панфиловшылар» саябағына барып, ескерткіштерге тағзым етті. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.