"Алтын күз" ертеңгілігі
2019 жылы октябрьның 22-25 күн аралығында "Алтын күз" мерекесі аталып өтті. Оған балғындармен бірге ата-аналар қауымы да қатысты. Аталмыш мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне ата-аналар қауымы тәнті болды. Олар жүздері бал-бұл жанған балғындардың қуанышына ортақтасып қана қоймай, өздері де бір сәт балалық шаққа саяхат жасап келгендей әсер алды.
Айшықты «Алтын күз» мерекесі сауық-сайранға ұласты. Ертеңгілік барысында әр топ өз жас ерекшеліктеріне сай өнер көрсетіп, бір-бірінен ерекешелене түсті. Атап айтар болсақ, кіші топтарда күзге арналған ән, би және тақпақтарымен қоса мерекелік қызықты ойындар ойнатылды. Ортаңғы топтарда күзге арналған көріністер көрсетіліп, балалардың актерлік шеберліктері таң қалдырды. Ересек топтарда түрлі кейіпкерлер мен және ерекше ойындарымен қызықты бола түсті. Ал ересек топтар бірнеше көріністерді байланыстыра сахналады. Мерекелік ертеңгілікте қыз балаларға «Қолшатыр», «Жемістер», «Құрттар», «Құстар «жапырақ вальсі»» билері, ербалаларға «Бұлттар», «Жаңбыр» билері билетілді. Сонымен қатар ертеңгілікке күз мерекесіне арналған ойындар жас ерекшеліктерін ескеріп алынды.
Бұл ертеңгіліктен балалардың біршама мәдени тұлғасы қалыптасып, рухани тәрбие алды деп айта аламыз.Ата-аналар ризашылықтарын айтып тарқасты.