"Тақия тәлімі" жобасы » ГККП "Ясли сад №105"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №105»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 291-83-71
Методист:
+7(727) 291-19-03
Версия для
слабовидящих
» » "Тақия тәлімі" жобасы
23
сентябрь
2022

"Тақия тәлімі" жобасы

Жобаның негізгі мақсаты бүлдіршіндердің бойында ұлттық болмысты қалыптастыру. Тақия кигізу арқылы бүлдіршіндерді жамандықтан қорғап жақсы істерге үйрету.
Жобаның негізінде балабақшамызда балаларға арнайы мамандар бірдей тақия тіктіріліп,күнделікті киіп жүру қолға алынды.
Тақияны күнделікті киіп жүру арқылы балалар өздерінің қазақ екендерін, ұлттық болмыстарын үнемі есте ұстап, ана тілімізде таза сөйлеуге ұмтылуда және қазақы тәрбиеге беттеп келеді.
Жобаның тағы бір ерекшелігі күнделікті киіп жүретін тақиядан бөлек әдістемелік тұрғыда қолдануға киізден жасалған түрлі -түсті тақиялардың қолданылуында. Балалар тақия әдістемелері арқылы көшбасшылыққ ұмтылатын әдістер менқызықты ойындар әзірленген. Мысалы: "Хан тақиясы", "Ұкілі тақия","Тақия тізбегі","Атамның тақиясы".
Ұлттық болмыс балабақшадан бастау алса екен деген ниетпен жобаны әзірлеген музыка жетекшісі Ескалиева Г.И әлі де ізденіп,түрлендіру үстінде.