03
қараша
2020
Білім министрінің марапаттауы

Жүсіпбекова Ләззат Жұмабайқызын балабақшамыздың ардагер ұстазы деп айтуымызға әбден лайық. Жүсіпбекова Ләззат 20 жыл бойы осы балабақшада үздіксіз білім беріп, балаларды тәрбие мен өнерге баулыған І санатты педагог.

Нуркасымова Жазира Омирбековна №105 бөбекжай-балабақшамызда 12 жыл бойы педагог қызметін атқарып жүрген І санатты тәрбиеші. Жазира Омирбековна бүгінгі күнге дейін көптеген конкурстардың жеңімпазы атанып келеді. 2014 ж "Үздік педагог" иегері атанды. Тәрбие мен білім берген балаларының да толағай жетістіктері баршылық.
II халықаралық «Живи танцуя» байқауына «Нәзік» және «Томирис» би тобы құрылып II – орын иеленді. Білім құмар балаларға арналған,"Цирк әлемінде" тақырыбы бойынша Республикалық "Үркер" зияткерлік марафонына 1-ші кезеңіне 15 бала қатысып, оның ішінде Маликов Алдияр I- ші дәрежелі диплом иеленді. Халықаралық "Пони" сайысында I-дәрежелі диплом.
Республикалық QI center. kz интелектуалды білім порталы мен «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала дауысы» номинациясы бойынша алғашқы орындар.
Республикалық "Жүзден жүйрік"интелектуалды білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың "Қылқалам шебері" номинациясында III - дәрежелі дипломды қанжығаға байлады.
На Открытом Чемпионате по художественный гимнастике ШХГ "Мадина" байқауында, Болат Айя жүлделі I-орын алды