Семинар "Балаларға экологиялық білім беру" » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар "Балаларға экологиялық білім беру"
18
қазан
2024

Семинар "Балаларға экологиялық білім беру"

Казіргі таңда адамзат ауасын жұтып , суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтанда бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға  үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу және қалдық заттардан  әр түрлі бұйымдар жасауға үйрету қажет.
"Балаларға экологиялық білім беру" атты семинар тақырыптық презентациямен ашылып, қажетті көрнекіліктермен таныстырылды.
     Семинарда 4 топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы орындап, экологиялық тақырыптың мәнін ашты. Қажет емес деп тасталынатын заттардан  тәрбиешілер әдемі, эстетикалық талғамға сай дүниелер жасап көрсетті.
   Семинар соңында қорытынды жасалынды. Семинар жүргізушілері: Аманбек Маржан, Мукашева Мөлдірге администрация және педагогтер тарапынан оң пікірлер айтылды. 
   Қос тәрбиешінің семинар тақырыбын ашуы, ұйымдастырған тақырыптық ойын түрлері жоспарға сай өткізіліп, көпшілік ойынан шықты. Әрбір тәрбиеші өздерінің методикалық қоржынын заманауи әдіс-тәсілдермен толтыра түсті.