17
сәуір
2025
"Ата-аналарға арналған консультативтік пункт жұмысын жақсарту жолдары"атты тақырыпта аудандық семинар болып өтті.
2025 жылдың 16 сәуірінде балабақшамызда "Ата-аналарға арналған консультативтік пункт жұмысын жақсарту жолдары"атты тақырыпта аудандық семинар болып өтті.
Семинарға балабақша меңгерушісі мен әдіскері, мектепалды топ тәрбиешісі және балабақша мамандары қатысып, өз кезегінде тақырыптың мазмұнын ашатындай іс-әрекеттер мен іс-шаралар жайлы шолу жасады. Семинарға тыңдаушы ретінде аудан әдіскерлері де шақырылды.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйден тәрбиелейтін отбасылармен жұмыс жүргізуді дамыту.
Семинарда қаралған мәселелер:
1.Мектеп жасына дейінгі үйден тәрбиеленіп жатқан балаларды балабақшаға қамту деңгейі , олармен тығыз байланыс орнату.
Бұл мәселе бойынша мекеме меңгерушісі Есимбетова Гульнара Алихановна аталмыш отбасылармен тығыз байланыс орнату мәселесі бойынша кеңес берді.
2. Үйден тәрбиелейтін отбасыларға баланы балабақшаға тіркеу және қабылдау тәртібі туралы ата-аналарға нұсқаулықтар беру .
Нұсқаулықтар мен сайттарға тіркеу кеңестерін мекеме әдіскері Айдагараева С.П жұргізіп, Bilimalmaty.kz сайттары ережелерімен таныстырды.
3. «Инфекция ауыруларының алдын алу шаралары» бойынша ата-аналарға кеңес беру. Бұл мәселе бойынша мекеменің тәжірибелі медбикесі Илахунова Г.Н сөз сөйлеп, ата-аналарға мединциналық кеңес жайлы мәлімдеме берді.
4. «Баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу» бойынша балалардың денсаулығы мықты, шымыр , салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлға тәрбиелеуге ата-аналарға дене тәрбие нұсқаушысы Жусипбекова Л. Ж өз ұсынысы мен кеңесін берді.
5. Балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту үшін ойын түріндегі онлайн немесе офлайн кездесулер ұйымдастыру.
Ата-аналарға баланың жас ерекшелігіне сәйкес даму бағыттары бойынша педагог-психолог Исмагулова А. С сөз алып,өз кеңесін ұсынды.
6. Үйден тәрбиеленіп жатқан балалардың тілдік және танымдық дамуын бақылау мақсатында скрининг жүргізу ұсынылды.
Ата-аналарға тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар тізімін беру. бойынша Логопед – дефектолог Бөлеген А.Б өз пікірін жеткізді.
7. Балаларға музыкалық - эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамыту мәселесі бойынша толық кеңесті музыка жетекшісі Мамадияр М.Р ұсынысымен ұсынды.\
8. Үйден тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған дамытушы тапсырмалар мен күн тәртібін ұсыну.
Ата-аналарға арналған ақпараттық парақшалар дайындау.
Мектепке дайындау ,мектепке қызығушылықтарын арттыру мәселесіне балабақшаның мектепалды топ тәрбиешісі Нуркасымова Ж.О баяндамасын оқып, ата-аналарға бағыт бере отырып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Семинар соңында қатысқан әрбір мекеме әдіскерлері балабақша меңгерушісі, әдіскерімен қатар мамандарының ұсыныстарын қабыл алып,өз сұрақтарының жауабын алғанын мәлімдеді.