Менің елім-менің Туым » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Менің елім-менің Туым
15
желтоқсан
2024

Менің елім-менің Туым

Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. "Толарсақтан саз кешкен" батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.
Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!
   Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
Мектепалды " Тұлпар" "Қарлығаш" тобы  
Тәрбиешілер Сейтхан Г.Ж. Нурқасымова Ж.О
Музыка жетекшісі Мамадияр М