"Қайраткер ұстазға арналады"
2018-2019 оқу жылының ақпан айында №105 бөбекжай-балабақшасында ҚР-ның Еңбек ері, Ұстаз Миразова Аягүл Төреқызымен кездесу кеші болып өтті. Кешке балабақша ұжымы үлкен жауапкершілікпен дайындалып, ұстазға лайықты құрмет көрсетті.
Кездесу кешінің басында Рухани жаңғыру бейнесіндегі қыран құс ұшып шығып, қазақ елін көктен тамашалап жүргендегі ой-толғанысымен бөлісті. Қазақ елінің бастан кешкен тарихы мен, жеткен жетістіктерін атап, сол жетістіктегі ұстаздардың зор еңбектерін айтып өтті.
Балабақша ұжымы «Ұстазым менің ұстазым» әнін хормен орындап, ұстаздың 70 жылдық мерейтойына арналған құттықтау лебіздерін жеткізді.
Кеш барысында балабақша тәрбиеленушілеріде өнер көрсетті. Өнерлі бүлдіршіндердің бірі Тұманбай Молдағалиев атамыздың «қазақ деген халықтың баласымын» өлеңін оқыса, енді бірі Шәкәрім атамыздың «Адамдық борышың» өлеңін оқып Аягүл Төреқызы мен келген қонақтардың сүйіспеншілігіне бөленді. Халықаралық деңгейдегі байқаудың екінші орын жүлдегерлері «Томирис», «Нәзік» би ансамбльдері би билеп, «Көңілді аспаптар» оркестріде өнерлерін ортаға салды.
Қайраткер ұстаз балалардың өнерлеріне ризашылығын білдірді.
Кеш соңында, балабақша ұжымының Қайраткер Ұстазға арналған арнау өлеңі оқылып, гүл шоқтары табысталды. Балабақша меңгерушісі Есимбетова Гульнар Алихановна сөз сөйлеп, Миразова Аягүл Төреқызын мерей тоймен құттықтады