"Армысың әз наурыз!"




18 сәуір2019 жылы № 105 бөбекжай-балабақшасы «Армысың әз наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Тәрбиешілер наурыз мерекесіне арналған ән-биімен шашу шашты.Бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, салт-дәстүрімізді айқындап тұрды. Наурыз мерекесіне арналған киіз үйдің іші ұлттық нақышта безендірілді.Қазақтың ыдыс аяқтарын қойып дастархан жайылды. Мерекелік ертеңгілікті балабақшаның тәрбиешілері Алтынова Перизат пен Тұрмахан Назира жүргізді.
Ұлттық нақышта киінген тәрбиешілер Р.Рымбаеваның «Наурыз» әніне мың бұрала би билеп салт -дәстүрімізден «Қыз ұзату » сынды көрністерді тарту етті. Наурыз мерекесінен балаларда шет қалмады. орындаған әсем әндері мен билеген билері көрермен көңіліне жетіп жатты. Сонымен бірге ұлттық ойындарда ойнатылды. Балалалар ойынға белсене қатысып, өздерінің тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсете білді.
Мереке соңында балабақша меңгерушісі Г.А Есимбетова бүлдіршіндер мен ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта бұл сәбилерді тек қана биіктерден көрінуіне тілектестік білдірді. Ата-аналар дән риза болып жылы лебіздерін айтып тарқасты.