"Ақ жарқын жан анам"
Би
Биылғы мерекелік бағдарлама өзгеше . кіші топтан басталған ертегіліктер 3күнге созылды.Бүлдіршіндер өз аналарына деген сезімдерін әнмен, тақпақпен, би-жырлармен жеткізді.Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, жүйелі өткізді. Ертеңгілік кезінде балалардың қысылмай еркін отырып-тұруы олардың көңілді болуына мүмкіндіктер жасалған. Ертеңгілікте балалардың толық қатысуын қамтамасыз етті. Ертеңгілік кезінде ойындарды ұйымдастыруға қажетті атрибуттарды алдын- ала дайындалды.Ертеңгілікте музыкалық ойындармен қатар, күтпеген жерден басталып кететін ғажайып сәттермен жалғасты. Көктем аруы келіп, көрермендер мен ата-аналарды мерекелермен құттықтап, түрлі ойындарға қатыстырды. Ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып балалармен бірге «Көбелектер»,
« Қуыршақтар», «Көжектер», «Гүлдер» билерін билеп, «Отан ана- көктем келді»,»Қыздар-ай», «Ақ әжем» өлеңдерін шырқады. Әрине балалар өздерін ертегідей сезінді, әсерлі көңіл- күй орнады.Балалар өз өнерлерін аяқтаған соң,аналарына қағаздардан қиып жасаған түрлі сыйлықтарын тапсырды.