"Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ашық оқу қызметтері 09.02.2021 » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ашық оқу қызметтері 09.02.2021
09
ақпан
2021

"Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ашық оқу қызметтері 09.02.2021

I кіші «Ботақан» тобы. Тәрбиеші - Тоқтасынова Майра. «Шығармашылық» білім беру бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған кәмпиттер»

Мақсаты : Балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастырп, балаларға кәмпиттер туралы түсінік бере отырып, шығармашылықтары мен ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиеші   ұйымдастырылған ашық оқу қызметін шаттық шеңберінен бастады.Тосын сый болып қуыршақ Әсел келді. Қуыршақ Әселдің туған күні екен.Тәрбиеші балаларға Әселдің туылған күніне кәмпиттерді мүсіндеп сыйлайық деді. Балаларға кәмпиттердің үлгісін көрсетіп, түсі,пішіні жайында айтып, қалай жасау әдіс -тәсілдерін көрсетті. Балалар тапсырманы түсініп орындай алды ,балаларға қызықты болды.Балалар мүсіндеген кәмпиттерін қуыршақ Әселге сыйға тартты. Балалар оқу қызметіне белсенді қатысты, олардың  шығармашылыққа деген қызығушылықтары артты. 

Сергіту сәтін орындатты.

Тәрбиеші    дидактикалық материалдарды   тарқатып балаларға ойын ұсынды , балалар бөлшектеп қырқылған кәмпиттердің суреттерін құрастырды.

Оқу қызметін қортындылап ,балаларды мадақтады.

Педагог алдына қойған мақсатына жетті. 














 Кіші топ «Ақбота».  Тәрбиеші - Аманбек Маржан.  «Шығармашылық»    білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған ашық  оқу қызметі

Оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты : Балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастырп, балаларға қазақтың ұлтық тағамының бірі бауырсақ  туралы түсінік бере отырып, шығармашылықтары мен ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметін  шаттық шеңберінен бастады, тосын сый ретінде балаларға Әжей келді .Әжей балаларға бауырсақ жасауға көмектесуін өтінді.  Тәрбиеші балаларға бауырсақ туралы түсінік берді.Балаларға бауырсақтың үлгісін көрсетіп ,қалай жасау әдіс-тәсілдерін көрсетті. Балалар бауырсақты қызығып жасады.  Жасаған бауырсақтарын әжейге ұсынды. Әжейге балалардың жұмыстары ұнады, балаларға ризашылығын білдірді. Балалар бауырсақтың мүсінін ынталанып жасады, олардың ұсақ қол моторикалары дамып ,оқу қызметіне   қызығушылықтары артты.

Балаларға тағамдардың әр түрлі бейнеленген суреттерін  тақтаға ілгізді. Сергіту сәтін ұйымдастырды.

Педагог оқу қызметін қортындылап ,соңында  балаларды мадақтады.

Педагог алдына қойған мақсатына жете алды.