Тұзды шахта » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қараша
2023

Тұзды шахта

 Кейінгі жылдары әлемді шарлаған індет адамдардың жаңа идея тудыруына, күнделікті жұмыстарына жаңалық енгізуге түрткі болды десек, қателеспейміз. Өйткені технология дамыған заманБүлдіршіндер арасында ауруды болдырмаудың бірден-бір жолы – тұз шахтасын ашу. 

Әр баланың денсаулығы бірінші орында тұрады. Сондықтан тұзды шахта бөлмесі  ашу  қолға алынды. Алдымен бөлмені желдетіп аламыз. Одан кейін тұз қоспасы бар арнайы құрылғы тоққа қосылып тұрады. Сол тұзды ауаны жұту балаларға өте пайдалы..

  Бүгінде психологтар баланың саусақ ұшындағы ұсақ моторикасын дамытуда құммен ойнаудың маңызы зор екенін айтады. Бұл да сол секілді. Бөлменің қабырғалары түгел тұздан тұрады. Жерге төселген тұзда әртүрлі ойыншықтармен ойнау да балаларды зеріктірмейді.  Мұндай бөлме түрлі респираторлық және тері ауруларына шалдыққандарға ем екенін білеміз. Бір дерек келтіре кетейік. Польша дәрігері Боцковский Украинаның Краков қаласындағы Величка тұз шахталарында тұз өндірушілердің денсаулығының жақсы екенін бақылап, зерттеген екен. Тұз терапиясының тағы бір артықшылығы, көңіл-күйді жақсартуға көмектесетін иондарға бай екені де дәлелденген.