"Армысың әз март!"




18 апрель2019 жылы № 105 бөбекжай-балабақшасы «Армысың әз март» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Тәрбиешілер март мерекесіне арналған ән-биімен шашу шашты.Бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, салт-дәстүрімізді айқындап тұрды. Март мерекесіне арналған киіз үйдің іші ұлттық нақышта безендірілді.Қазақтың ыдыс аяқтарын қойып дастархан жайылды. Мерекелік ертеңгілікті балабақшаның тәрбиешілері Алтынова Перизат пен Тұрмахан Назира жүргізді.
Ұлттық нақышта киінген тәрбиешілер Р.Рымбаеваның «Март» әніне мың бұрала би билеп салт -дәстүрімізден «Қыз ұзату » сынды көрністерді тарту етті. Март мерекесінен балаларда шет қалмады. орындаған әсем әндері мен билеген билері көрермен көңіліне жетіп жатты. Сонымен бірге ұлттық ойындарда ойнатылды. Балалалар ойынға белсене қатысып, өздерінің тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсете білді.
Мереке соңында балабақша меңгерушісі Г.А Есимбетова бүлдіршіндер мен ата-аналарды Март мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта бұл сәбилерді тек қана биіктерден көрінуіне тілектестік білдірді. Ата-аналар дән риза болып жылы лебіздерін айтып тарқасты.