1декабрь тұңғыш Президент күні
2019 жылы 29 ноябрь күні балабақшада «Түңғыш Президенті күні» аталып өтті.Ересектер топтарында «Ел басы,ел бағы» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылды. Ертеңгілікке мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері қатысып өнерлерін паш етті.
Бұл шаралардың мақсаты: еліміздің тұңғыш Перзидентін құдіретті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр- қайратымен еңбек етті. Республикамыздағы ұлттарды бір тудың астына біріктірді.
Сондықтан біз өсіп-өркендеген қоғамда тыныш та, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Осыған орай айталған іс-шарада бүлдіршіндер тақпақтар айтып, би билеп, ән шырқады. Ұлттық ойын «Хан талапайды» қызықты ойнап шықты.
Әнге толсын барлық қала ауылдар
Қағылсын бар дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар