04
июнь
2025
4 июнь Қазақстан Республикасының рәміздер күні
Бүгінгі мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетілген салтанатты іс-шара – тәрбиеленушілеріміздің бойында патриоттық сезімді арттырып, ел тағдырына деген жауапкершілікте тәрбиеленуіне мол әсерін тигізеді. Мемлекеттік Гимннің шырқалуы мен Көк Байрағымыздың асқақ биікке көтерілуі – тәуелсіздігіміздің тұғырлы белгісі, халқымыздың бірлігі мен рухының дәлелі. Еліміз өркендей берсін, мемлекеттік рәміздерімізді әрқашан қадірлейік!








