Бүгін тәрбиеленушілеріміз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи мұражайына саяхат жасады.
Балабақша тәрбиеленушілері мектепалды "Тұлпар" ,"Қарлығаш" топтарының бүлдіршіндері өз тәрбиешілері және психолог,музыка жетекшісімен қоғам қайраткері, "Ғасыр перзенті" атанған тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат жасап қайтты.
Мақсаты: Балаларға Қазақстанның біртуар азаматы, тарихта өзіндік орны бар қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайымен, еңбек жолы және еңбектерімен танысу.
Балалар саяхат барысында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орналасқан үйінен бастап, ұстап-тұтынған заттары, кітап және кітап сөрелеріндегі туындылармен танысты. Сондай-ақ, мұражайда туған жерге деген сүйіспеншілікті паш етететін тарихи жәдігерлерді көріп, қаншама игі істері мен жетістіктерін туралы мағлұмат алып дүниетанымын кеңейтіп қайтты.





