Бүгін тәрбиеленушілеріміз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи мұражайына саяхат жасады. » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін тәрбиеленушілеріміз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи мұражайына саяхат жасады.
03
сәуір
2024

Бүгін тәрбиеленушілеріміз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи мұражайына саяхат жасады.

Біздің балабақша тәрбиеленушілері, мектепалды " Сұңқар" , "Тұлпар", "Қарлығаш" топтары  еліміздің ұлы заңғар перзенті, қайталанбас тұлға -Дінмұхамед Қонаевтың елге сіңірген қызметі жайлы паш ететін тарихи мұражайына саяхат жасады.
 Балалар Дінмұхаммед Қонаевтың  1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет еткендігін, 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болғанын, 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарғанын білді. Бұдан бөлек қаншама игі істері мен жетістіктерін туралы мағлұмат алды.
  Біздің балабақшамыз үшін де Дінмұхамед Қонаевтың орны ерекше. Өйткені ,1990 жылдары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев №204 (105) бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Есімбетова Перде Елеусізқызымен кездесу өткізіп, өз қолынан сыйлықтар тапсырды. Оның ішінде: ақшалай 3000 сом, кілем, пианино, вазалар тапсырып аманат еткен болтын.  Берілген ақшаға балаларға арнап ұлттық киім-кешек, көрпе-жастық алынған.
    «Қазақстанның келешегі зор! Сіздер тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер ел ертеңі, ел болашағы! Шаңырақтың әрбір уығы – сол сәбилер. Соны қисайтпай, дұрыс тәрбие беріңіздер. Осыны тәрбиешілеріңізге аманат етіңіз!» - деп Дінмұхаммед Қонаевтың өзі Перде Елеусізқызына өсиет сөздерін айтып, аманат еткен. Сол бір ауыз алтын сөзді балабақшамыздың қазіргі меңгерушісі Есімбетова Гүлнар Алиханқызы бүгінгі таңда жұмыс жасап жатқан барлық педагогтерге мұра етіп жеткізіп, қанаттандырып, бүлдіршіндермен рухани тұрғыда жұмыс жасауға шабыт береді. Осындай аманатын жеткізген Дінмұхаммед Қонаевтың тарихи  мұражайына жоспарланған түрде тәрбиеленушілеріміздің тәрбиешілерімен бірге баруы дәстүрге айналған. 
  Біз үшін  балабақша қызметкерлері үшін ұлы тұлғаның тарихи мұражайына барып, балаларға Отан перзентін мадақтап үлгі  көрсету үлкен мақтаныш.

Мектепалды "Сұңқар" тобы .
Тәрбиеші Машахаева Э.Қ 


Мектепалды "Тұлпар" тобы
Тәрбиеші Сейтхан Г.Ж 

Мектепалды "Қарлығаш" тобы 
Тәрбиеші Нуркасымова Ж.О