№32 балалар кітапханасымен бірлестік жұмыс » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №32 балалар кітапханасымен бірлестік жұмыс
30
мамыр
2025

№32 балалар кітапханасымен бірлестік жұмыс

№32 балалар кітапханасының қызметкерлері балабақшамызға қонаққа келіп ересек "Балдырған" тобының  тәрбиеленуші балалармен танымдық әрі қызықты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітаптардың пайдасы мен маңызы туралы мағлұмат алды. Қонақтар балалармен бірге тақпақ айтып, жұмбақ шешіп, кітаптармен жұмыс жасауға арналған ойын түрлерін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және танымдық қабілеттерін дамыту болды. Бұл мақсат өз деңгейінде орындалды. Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетіп, жақсы әсер алды.

  №32 балалар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған шара өте мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды. Мұндай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, тілдік қорын байытуға және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.

Кітапхана қызметкерлері  белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар тарту етті.