Бала неге жылайды? » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
наурыз
2021

Бала неге жылайды?

 Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі

Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс.
 
Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік.
 
- Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз.
 
- Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды.
 
- Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуге мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», – деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады.
 
- Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші Нина Николаевна және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!»
 
- «Жүлде әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз, бірақ, бірдеме ала келші десе, бас тартпаңыз. Баланың тілегі ыңғайсыз болса – өзіне тура айтыңыз. Бала ештеңе сұрамаса да, анда-саңда сіз оған бір ұнамды затты әкелетін болыңыз (печенье, кәмпит, алма, дәптер, т.б.), яғни бала сезу керек, сіз одан алыс болғанымен, ұмытқан жоқсыз, кездесуге дайындалдыңыз.