27.02. - 02.03.2023ж. күндер аралығында 8 - март аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктеріміз өткізілді. І кіші "Ботақан" топ балаларынан бастап мектепалды даярлық топ балаларына дейін қатысты. Барлық топтар жекелей музыкалық залда мерекелік нөмірлерін көрсетіп концерттерін қойды. Ертеңгілікте ата-аналар балаларының өнерлерін тамашалап, қолдау білідіріп қатысып отырды. Балалар ана, әже туралы әндерін, тақпақтарын айтты, "Гүлдер" және "Джентельмен" билерін биледі, ойын ойнады. Көтеріңкі көңіл-кдоморнап, барлығы мәз-мейрам болысты. Іс-шараға "көктем аруы" кейіпкері де келіп, балаларға ерекше көңіл-кдомсыйлады. Мектепалды даярлық топтарында мерекелік ертеңгілік толғымен көрініс ретінде өткізілді. Балалар мерекелік бағдарламаны өздері жүргізіп, толығымен жауапкершілікті сезіне алды. Соңында ата-аналарына алғыстарын, сезімдерін айтып, өз қолдарымен жасаған сыйлық-гүлдерін тарту етті. Осындай жағымды сезімді сезінген ата-аналардың да көңілдері босап, балаларына мейірлене түсті. Балабақша ұжымына, меңгерушіміз Гүлнар Алиханқызына, топ тәрбиешілеріне рахметтерін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.
ІІ ортаңғы "Құлыншақ" тобы

ІІІ ортаңғы "Ақбота" тобы

ІV ортаңғы "Балдырған" тобы

V ересектер "Сұңқар" тобы

VI мектепалды даярлық "Тұлпар" тобы

VII ересектер "Аққу" тобы

VIII мектепалды даярлық "Қарлығаш" тобы
