"Ғасыр перзенті" атанған тарихи тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат » ГККП "Ясли сад №105"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№105 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 291-83-71
Әдіскер:
+7(727) 291-19-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ғасыр перзенті" атанған тарихи тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат
17
сәуір
2025

"Ғасыр перзенті" атанған тарихи тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат

№105 балабақшаның «Балдырған», «Аққу», «Сұңқар» ересек топтарының  тәрбиеленушілері өз тәрбиешілерімен бірге  қоғам қайраткері, елеулі еңбегі үшін "Ғасыр перзенті" атанған тарихи тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайына саяхат жасады. Саяхат жасау барысында балалардың белсенді болуына балабақша психологы мен музыка жетекшісі, дене тәрбие нұсқаушысы да үлкен үлес қосты.
    Мақсаты: Балаларға Қазақстанның біртуар азаматы, тарихи тұлға, қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  еңбек жолы және еңбектерімен танысу арқылы мұражай  жұмысына шолу жасау.  
    Балалар мұражайға  саяхаттау арқылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  жайлы көп мәліметтер білумен қатар оның ұстап-тұтынған заттары, кітаптарымен  танысты. Кітап сөрелеріндегі туындыларға қызығушылық танытты.    
    Мұражайда туған жерге деген ілтипатты білдіретін тарихи жәдігерлерді көруі бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды. Бүлдіршіндеріміз кезінде біздің балабақшаға тарту еткен күйсандығы   Дінмұхамедтей  тұлғаның балалар өнеріне ерекше көзқарасы болғанын түсініп қайтты. 
 Балабақша тәрбиеленшілері мұражайдан өз елінің беделді азаматы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірінен көптеген  мағлұмат алып, дүниетанымын кеңейте білді.